Амир Абдуллахиан Наурыз мейрамын тойлайтын елдердің Сыртқы істер министрлерін құттықтады
Нау 21, 2023 06:44 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі жеке жолдауында Наурыз мейрамын тойлайтын елдердегі әріптестерін құттықтады
Әл-Аламның хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Наурыз мерекесі қарсаңында Әзірбайжан, Өзбекстан, Ауғанстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Ирак, Қырғызстан, Қазақстан және Үндістан елдерінің сыртқы істер министрлерін Наурыз мерекесімен құттықтап, бұл елдер халқына жақсылық пен молшылыққа толы жыл болсын деп тіледі.