Иран Президенті Ислам революциясының жетекшісін құттықтады
Нау 22, 2023 06:23 Asia/Almaty
Иран Президенті сейсенбі күні кешке Ислам революциясының жетекшісімен телефон арқылы сөйлесуінде аятолла Хаменеиді Жаңа жылмен құттықтап, оның қолдауы мен жол көрсетуін жоғары бағалады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибраһим Раиси Ислам революциясы жетекшісінің үкіметке көрсеткен басшылығы мен қолдауын жоғары бағалай отырып: «Үкімет жаңа жылда экономиканы, халықтың тұрмысын жақсартуға және жыл ұранын жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады»,- деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі үкіметтің халыққа қызмет етуінде сәттілік тіледі.