Ислам революциясының жетекшісі: Америкалықтар абдырап, дәрменсіз қалды
Ислам революциясының жетекшісі имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінің зияратшылардың үлкен жиынында америкалықтардың аймақта абдырап қалғанына тоқталып: «Америкалықтар абдырап, дәрменсіз қалды»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кеше (сейсенбі) Жаңа жылдың бірінші күні имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінің зияратшыларының алдында: «Өңірдегі жүйенің жолы да, саясаты да айқын, не істеп жатқанымызды білеміз. Бірақ американдықтар абдырап, дәрменсіз, өйткені олар аймақта қалса, Ауғанстандағындай халықтардың өшпенділігіне тап болып, аймақты тастап кетуге мәжбүр болады. Егер олар кетсе, сенімін жоғалтады. Бұл олардың айқын әлсіздігінің белгісі»,- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи төңкеріс, эмбарго, саяси қысым, бұрын-соңды болмаған бұқаралық ақпарат құралдарының шабуылы, қауіпсіздік қастандықтары және бұрын-соңды болмаған экономикалық санкцияларды дұшпандардың үздіксіз қастандықтарының өлшемдері деп атап: «Осы қақтығыстардың соңғы кезеңінде АҚШ пен кейбір Еуропа елдерінің президенттері өткен жылы өте аз пайызбен басталған тәртіпсіздіктерді ашық қолдады. Олар барлық әскери, саяси, қаржылық, қауіпсіздік және ақпарат құралдарының қолдауымен Ислам республикасын әлсіретуге тырысты. Бірақ нәтиже керісінше болды және Ислам Республикасы осы жаһандық қыршыннан жеңіп, оның күшті және берік екенін көрсетті»,- деп мәлімдеді.
Ислам революциясының жетекшісі, ғылым мен технологиядағы ілгерілеушілік, нано және биотехнология сияқты салаларда әлемдегі үздік елдердің қатарына кіру, денсаулық сақтау, аэроғарыш, ядролық, қорғаныс, инфрақұрылым, медициналық және денсаулық орталықтары салаларындағы ілгерілеу, мұнай өңдеу зауыттары және т.б. жетістіктерді еске салып: «Сыртқы байланыстар саласында дұшпандардың Иранды оқшаулау әрекеті сәтсіз аяқталды және Ислам республикасы Азиямен қарым-қатынасын нығайта отырып, бұдан былай осы аймақтың маңызды елдерімен саяси, экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстарын кеңейтуді жалғастырады. Кейбір маңызды аймақтық ұйымдарға мүше болу және Африка және Латын Америкасы елдерімен қарым-қатынасты нығайту сыртқы байланыстар саласындағы басқа ілгерлеулерден болып табылады. Оған қоса, біз еуропалықтарға ашуланбаймыз, егер олар АҚШ-қа бағынуды тоқтатса, біз олармен жұмыс істеуге дайынбыз»,- деді.