Мұхаммад Ислами: Біз ғылымда өте жоғары әлеуетке қол жеткіздік
ИИР Атом Қуаты ұйымының басшысы Иранның ғылымда өте жоғары әлеуетке қол жеткізгенін қуаттады.
Мұхаммад Ислами кеше (сейсенбі) Al-Alam жаңалықтар желісіне берген сұхбатында жаңа және дамып келе жатқан технологияларға қол жеткізу елдің күшті белгісі екенін атап өтіп: «ИИР шет елдерге сүйенбей, барлық тәртіпсіздіктер мен санкцияларға қарамастан, ғылымда өте жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Шетелдер аэроғарыш саласын монополиялады, бірақ Иран қазір спутниктерді жасап, оларды ұшырып, олардың ақпаратын пайдалана алатын күшке жетті»,- деді. Ол сондай-ақ Иранның радиофармацевтикалық препараттарды өндіруде жоғары қуатқа жеткеніне тоқталып: «ПЭТ сканерлеу құрылғысының көмегімен біз қатерлі ісікке күдікті аймақты анықтаймыз. Бұл процесте пайдаланылған радиофармацевтикалық препараттар толығымен ирандық болып табылады және осы салада көбірек анықтыққа қол жеткізуге талпынамыз»,- деп мәлімдеді.