Иран мен Ресей футбол құрамалары арасындағы жолдастық кездесу тең аяқталды
Нау 24, 2023 06:56 Asia/Almaty
Иран мен Ресейдің футболдан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесу тең аяқталды.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран мен Ресейдің ұлттық футбол құрамалары өткен түнде сағат 20:30-да «Азади» стадионында 7 мыңға жуық көрерменнің қатысуымен өткен жолдастық кездесуде өзара кездесті. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.