Жұма намазының имамы: Биліктің жетістіктері халықтың қолдауымен, көрегендігімен жүзеге асты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i68530-Жұма_намазының_имамы_Биліктің_жетістіктері_халықтың_қолдауымен_көрегендігімен_жүзеге_асты
Теһран жұма намазының имамы Седиқи: «Сыртқы қысымдар мен гибридтық соғысқа қарамастан 13-ші үкімет халықтың қолдауымен, көрегендігімен айтарлықтай жетістіктерге жетті»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 25, 2023 06:14 Asia/Almaty
  • Жұма намазының имамы: Биліктің жетістіктері халықтың қолдауымен, көрегендігімен жүзеге асты

Теһран жұма намазының имамы Седиқи: «Сыртқы қысымдар мен гибридтық соғысқа қарамастан 13-ші үкімет халықтың қолдауымен, көрегендігімен айтарлықтай жетістіктерге жетті»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Теһран жұма намазының имамы Казем Седиқи: «Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бері АҚШ соғысты, санкцияларды, террорды, этникалық келіспеушіліктерді пайдаланып, мұнафеқиндер арқылы сенімсіздік тудырып, 1378 және 1388 жылдары бүлік шығарып, 1401 жылы тәртіпсіздіктер ұйымдастырды. Сөйтіп, өткен жылғы күзгі бүлік кезінде ол гибридтық соғыс ашып, барлық үстемшід үкіметтер жүйені құлату үшін бірікті»,- деп айтты.

Казем Седиқи: «44 жыл бойындағы эмбарголар, санкциялар мен қастандықтарға қарамастан, біз ілгерілеушілікке қол жеткіздік. Қазіргі таңда, Аллаға шүкір, велаят туының астындағы үш күш жанашырлық танытатын халге жеттік. Жақында болған гибридтік соғыс тіпті хаотикалық экономикалық жағдайда Иран халқы АҚШ және Израиль мен оның сыбайластары қолдаған жаһандық толқулар мен тәртіпсіздіктерге қарсы тұрып, өз революциясын қолдайтынын көрсетті»,- деп мәлімдеді.