Бүгін – Иранда Табиғат күні
Сәу 02, 2023 15:50 Asia/Almaty
Бүгін, Иран күнтізбесі бойынша 13 фарвардин, сәйкесінше 2 сәуір Табиғат күні деп белгіленген.
Иран халқы жаңа жылдың 13-ші күні дәстүр бойынша табиғат аясына шығып, табиғи тартымдылықтардан ләззат алып, жанұя мен жақындардың ортасында қуанышқа толы есте қаларлық күн өткізеді.
13 фарвардин – Наурыз демалыстарының соңғы күні "Сиздәһ бе дәр" деп аталады.
Бағзы заманда ирандықтар жылдың он екі айын еске салатын 12 күн бойы тойлатып, думандатқаннан кейін жаңа жылдың 13-ші күнін саябақтар мен гүлзарларда бұлақтар мен өзендер маңында өткізетін болған.
Иран халқы бұрыннан бері табиғатқа ерекше құрметпен қарап, оны таза сақтауға талпынған.