Сәу 02, 2023 20:06 Asia/Almaty

Мұхаммедреза Пехлеви жанұясының тұрғын үйі болған негізгі сарай мен осы кешендегі ең көне ғимараттардың бірі Сахебқарания сарайының маңындағы Ахмадшахи сарайы Қаджар дәуірінің аяғында Ахмад шах Қаджардың жазғы демалыс үйі ретінде Ниаваран бағы ортасында 800 шаршы метр ауданда екі қабатта салынған.

Бұл сарай Ислам революциясына дейін Реза Пехлевидің резиденциясы болған.  

Бұл сарайда қола, күміс, піл сүйегі, ағаштан жасалға бағалы заттар мен түрлі елдердің басшылары берген сыйлықтар, медальдар мен төсбелгілер, картиналар жұрт назарына ұсынылған. Бірқатар жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары, сәндік минералды тастардың бөлшектері, АҚШ-тың бұрынғы Президенті Ричард Никсон тарапынан Реза Пехлевиге сыйланған Айдан әкелінген тастың бөлшегі витринаға қойылған.  

Тегтер