Амир Абдуллахиан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының шұғыл отырысын өткізуді ұсынды
(last modified Fri, 07 Apr 2023 11:30:49 GMT )
Сәу 07, 2023 17:30 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының шұғыл отырысын өткізуді ұсынды

Иран Сыртқы істер министрі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) Бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесуінде сионистік режимнің жуырда Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына байланысты шұғыл отырыс өткізуді ұсынды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні кешке Хұсейн Ибрахим Тахамен телефон арқылы сөйлескен кезде сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылы мен қорлауына байланысты ИЫҰ-на мүше елдердің сыртқы істер министрлері деңгейінде  шұғыл отырысын өткізу қажеттігін қуаттап,  ИИР осы отырысты өткізуге қажет кез келген ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

Хұсейн Ибрахим Таха осы телефон сұхбатында сионистердің әл-Ақса мешітіне жасалған жуырдағы шабуылын айыптай отырып,  жексенбі күні сионистік режимнің жуырдағы шектен шыққан әрекетіне байланысты ұйымға мүше елдер өкілдерінің атқару комитеті деңгейінде отырысын өткізуді жариялады.

Тегтер