Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: "АҚШ сионистік режимге қаншалықты бүйрегі бұрып тұрса да, бұл режимнің дағдарысын шеше алмады. Бұл оның әлсіздігін көрсетеді",-деді.
Казем Седдиқи АҚШ-тың сыртқы саясатындағы басты тақырып сионистер болғанын айтып: "Бұл режим жүздеген мың адамның шеруіне куә болып отыр. Ең дағдарысты жағдайды бастан өткеріп жатыр",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері: "Қарсыласу қозғалысының күшейгені соншалықты, Иордан өзенінің батыс жағалауы қаруланды. Күн сайын сионистерге қарсы әскери амалдар жасалып жатыр. Сионистік режимнің ақсақалдары өмір жастарының 80-ге жетпейтінін мойындап отыр",-деді.
Казем Седдиқи АҚШ-тың басқа елдерге үстемдігі күн сайын кеміп бара жатқанын айтып: "Бір кездері Латын Америкасы АҚШ-тың үстемдік еткен жері еді. Ал қазір осы аймақта сайланған президенттер әлемдік үстемдікке қарсы шығып жатыр",-деді.