Амир Абдуллахиан: Парсы шығанағы – Иран мен аймақ болмысының ажырағысыз бөлігі
Maм 02, 2023 00:26 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Парсы шығанағын Иран мен аймақ болмысының маңызды ажырағысыз бөлігі және айналасындағы тұрғындарға пайдасы мол табиғи байлық көзі деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Твиттердегі жеке парақшасында Парсы шығанағы күніне орай: "Шығанақтың әлеуетін барынша пайдалану үшін оның маңындағы елдерде қауіпсіздік сақталып, интеграция мен ынтымақтастық болуы керек",-деді.
1622 жылы 30 сәуірде (10 ордибехешт) португалдық басқыншылар Иранның оңтүстік суларынан шығарылған. Сондықтан бұл күн Ұлттық Парсы шығанағы күні деп аталады.