Иран: Парсы шығанағы жағалауы
(last modified Mon, 01 May 2023 19:50:48 GMT )
Maм 02, 2023 01:50 Asia/Almaty

Парсы шығанағының әдемі жағалауы әрбір ирандыққа теңдессіз панорама сыйлайды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран тарихы және ұлттық болмысымен бірнеше мыңжылдық байланысы бар Парсы шығанағы – әрбір ирандықтың мақтанышы.  

1622 жылы 30 сәуірде (10 ордибехешт) португалдық басқыншылар Иранның оңтүстік суларынан шығарылған. Сондықтан бұл күн Иран күнтізбесінде Ұлттық Парсы шығанағы күні деп аталып, ирандық болмыс пен өркениетті қорғау тарихында мақтанышпен тойланатын датаға айналды.

Қазіргі таңда осы маңызды тарихи оқиғадан 4 ғасыр өтсе де, Иран халқы, соның ішінде түрлі қауым өкілдері Парсы шығанағы жағалауына барып, ирандық болмыс пен өркениеттің символын тамашалайды.

Тегтер