Ислам революциясының жетекшісі: Виртуалды кеңістіктің дамығанына қарамастан, кітап бұрынғыдай жоғары орында тұр
Ислам революциясының жетекшісі Теһран халықаралық кітап көрмесін аралап болған соң сөйлеген сөзінде: "Виртуалды кеңістіктің дамығанына қарамастан, кітап бұрынғыдай жоғары орында тұр",-деді.
Аятолла Хаменеи бүгін, жексенбі күні үш жылға созылған коронавирустық шектеулерден кейін имам Хомейни (р.) атындағы "Мосалла" кешеніне барып, Теһран халықаралық кітап көрмесін тамашалады.
Ислам революциясының жетекшісі Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Жыл сайын өтетін кітап көрмесі – халықтың ұлы жиыны. Оның мәдени маңызы зор. Бұл – қуантып, шаттандыратын тақырып",-деді.
Аятолла Хаменеи: "Кітап басу ісі қолайсыз жағдайға қарамастан даму үстінде",-деді.
Аятолла Хаменеи: "Экономикалық және басқа да қиындықтарға қарамастан, кітаптар саны артты",-деп еске салды.
Ислам революциясының жетекшісі: "Барлық мәдени-ақпараттық белсенділіктер, соның ішінде театр, кинематография және тіпті сурет салу, аудио және видео форматтағы істер кітапқа зәру. Кітап оқитын адам ғана өнер және медиа саласында жақсы туынды ұсына алады",-деді.
Аятолла Хаменеи сондай-ақ: "Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап жазу мәселесіне баса назар аударамын. Қуанышыма орай, бірнеше стендте осы салада жұмыс жасалғанын көрдім. Тағы да айтамын: қолдан келгенше балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап басып шығарыңыздар. Бізді бөгделердің кітаптарына мұқтаждықтан арылтыңыздар. Өз мәдениетіміз бен идеологиямызға негізделген және өзіміздің мақсат-мұраттарымызды көздейтін кітаптарды жасөспірімдерге ұсынуымыз керек",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі: "Әсіресе Қасиетті қорғаныс жылдарына қатысты және қасиетті мекендерді қорғауға байланысты естелік кітаптар өте құнды. Бұл – кітап жазып, басып шығарудың жаңа түрі. Құдайға шүкір, жақсы дамып келеді. Бұл салада әйел жазушылар өте белсенді. Жақсы кітаптар жазылды. Мен олардың кітаптарын көп оқимын",-деді.