Иранның Чабаһар айлағынан Пәкістанға электр қуатын тасымалдау желісі іске қосылды
ИИР Президенті елдің оңтүстік-шығысындағы Систан мен Белуджистан облысының оңтүстігіне сапарының жалғасында Пәкістан Премьер-министрімен бірге Чабаһардан Пәкістанға электр қуатын тасымалдайтын желіні іске қосты.
132 киловольттық электр қуатын тасымалдау желісі Чабаһардың Пелан ауданынан Пәкістанның Джибути қаласына тартылған. Желінің ұзындығы 100 км. Жоба 18 айдың ішінде жүзеге асырылды.
ИИР Президенті Ибрахим Раиси бүгін, бейсенбі күні жобалардың орындалу барысын қадағалау және бірнеше жобаны іске қосу үшін Макран жағалауына жапсарлас Кенарак әуежайына келіп, Систан мен Белуджистан облысының басшылары мен тұрғындары тарапынан жылы қарсы алынды.
ИИР Президенті осы сапарда Расак шекаралық ауданына барып, Пәкістан Премьер-министрімен кездесіп сұхбаттасады деп күтілуде.
Ибрахим Раисидің Систан мен Белуджистанға біркүндік сапарының бағдарламасында дін қызметкерлері және қамқоршылармен кездесу, кәсіпкерлер және инвесторлармен сұхбаттасу жоспарланған.