Иран мен Қытай дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтарды өндіруде ынтымақтасуға келісті
(last modified Wed, 24 May 2023 10:57:51 GMT )
Maм 24, 2023 16:57 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытай дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтарды өндіруде ынтымақтасуға келісті

Иран мен Қытайдың денсаулық сақтау министрлері 76-шы Дүниежүзілік денсаулық форумы аясында кездесіп, денсаулық сақтау экономикасы, дәрі-дәрмек, фармацевтикалық шикізат пен медициналық құрал-жабдықтарды бірлесіп өндіру саласындағы ынтымақтастықтарды кеңейту туралы келісті.

 

Iran Press мәліметінше, Иран мен Қытай денсаулық сақтау министрлері екі ел президенттерінің экономикалық саланы кеңейтуге қатысты келісілген құжаттары негізінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Женевада өткізіп жатқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 76-шы отырысы аясында кездесіп, денсаулық сақтау, дәрі-дәрмек, фармацевтикалық шикізат пен медициналық техниканы бірлесіп өндіру, сондай-ақ бірлескен ғылыми конференциялар өткізу туралы уағдаласты. Бахрам Айноллахи Қытайдың коронавирус індеті кезінде Иранға Sinopharm вакцинасын жеткізудегі ынтымақтастығын жоғары бағалап, екі ел арасындағы долларсыз сауда саясатына тоқталды. Бұл кездесуде Қытайдың Денсаулық сақтау министрі де екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуге тоқталып, Иран мен Қытай арасындағы достық пен тарих бойғы ынтымақтастықтың кең тарихына, соның ішінде Жібек жолы мәселесіне сілтеме жасап, Бейжиннің осы ынтымақтастықтарды нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.

Тегтер