Қешмнен Сауд Арабиясына әуе рейсі ашылады
Қешм халықаралық әуежайының директоры осы аралдан Сауд Арабиясының Джидда қаласына қажылыққа зияратшыларды тасымалдау үшін алғашқы әуе рейсі ашылатынын хабарлады.
Насер Раджаби: "Жұма, 16 маусымда Iran Air әуе компаниясының Қешм әуежайынан Сауд Арабиясының Джидда қаласына алғашқы рейсі жүзеге асырылады",-деді.
Қешм халықаралық әуежайы директорының айтуынша, әуежай басшылары, Iran Air әуе компаниясының жауапты басшылары және қажылық керуендерін ұйымдастырушылармен жиналыс өткізіліп, рейске қажетті дайындық жасалып, зияратшыларға барыншы жақсы қызмет көрсету қарастырылды.
Қешм халықаралық әуежайы – елдегі ірі әуежайлардың бірі. Оның ұшып-қону жолағы жалпақ ұшақтардың қонуына ыңғайлы. Осы аймақтағы барлық жалпақ ұшақтарға (Airbus 380-нен басқаға) қызмет көрсете алады.
Қешм халықаралық әуежайының Парсы шығанағында орналасуы ішкі және сыртқы бағыттардағы ірілі-ұсақты ұшақтарға тиісті қызмет көрсетуге қолайлы мұрсат береді.