Раиси Иран Сыртқы істер министріне Мысырмен қарым-қатынасты жалғастыруға міндеттеді
(last modified Tue, 30 May 2023 10:54:03 GMT )
Maм 30, 2023 16:54 Asia/Almaty
  • Раиси Иран Сыртқы істер министріне Мысырмен қарым-қатынасты жалғастыруға міндеттеді

Иран үкіметінің баспасөз өкілі ИИР Президентінің Сыртқы істер министрді Мысырмен қарым-қатынасты жалғастыруға міндеттегенін хабарлады.

Иран үкіметінің баспасөз өкілі Әли Бахадори Джахроми сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында: «Иран үкіметі Мысырмен қарым-қатынастарды қалпына келтіруге және дамытуға дайын және ИИР Президенті Сыртқы істер министрлігіне осы талаптарды орындауды тапсырды",- деді. Бахадори Джахроми сондай-ақ Оман сұлтанының Иранға жуырдағы сапарына тоқталып: «Бұл сапар екі ел арасында төрт түрлі энергетика, денсаулық сақтау, көлік және сауда саласында жақсы келісімдерге қол жеткізілген көршілік дипломатиясының жалғасы аясында жүзеге асты",- деп мәләмдеді. Иран үкіметінің баспасөз өкілі осы сапарда төрт ынтымақтастық құжатына қол қойылғанын айтып, өткен жылы Иран мен Оман арасындағы сауда көлемі екі миллиард долларға жетіп, оның 40 пайыздан астам өскенін атап көрсетті.

 

Тегтер