Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: "Дұшпанды тоқтататын нәрсе – қарсыласу және хақ сөзге тұру, тақуалық және Құдай белгілеген шекті сақтау",-деді.
Аятолла Ахмад Хатами Теһран жұма намазының құтпаларында қарсыласу мен тақуалықты дұшпанды жеңіліске ұшырататын екі фактор деп атап: "Революциядан 44 жыл өтті. 44 жылдық сәттіліктің сыры дұшпанды тізе бүктірген 8 жылдық қарсыласу болды",-деді.
Аятолла Ахмад Хатами Ислам революциясы жетекшісінің ИИР-дың дипломатиялық әрекеттері туралы сөздеріне тоқталып: "Соңғы айларда байқалған дипломатиялық әрекеттер мақтауға лайықты",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ Иран Ислам республикасының негізін қалаушының қайтыс болған күнінің жылдығына орай көңіл айтып: "Имам Хомейни (р.) өмірінің нәтижесі – исламдық жүйе. Имам халыққа сенетін. Осы халық озбыр үкіметтің орнына ислам үкіметін құрды",-деді.
Аятолла Ахмад Хатами: "Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи де имам Хомейнидің (р.) жолын жалғастырып, қырағы жолнұсқауларымен дұшпандардың барлық қастандықтарын залалсыздандырды",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері 15 хордад тарихи оқиғасына тоқталып: "Бұл ұлы көтеріліс велаяттың киелілігін қорғау үшін болды. Біздің революциямыз бен жүйеміз велаятты қолдағандарға қарыздар",-деді.