Маусым 08, 2023 16:58 Asia/Almaty
  • Канани: Иранның зымырандық бағдарламасы заңды

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иранның зымырандық бағдарламасы заңды әрі жалпы ережелерге сай",-деді.

"Фаттах" зымыраны

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани "Батыстағы кейбір елдердің "Фаттах" зымыранының тұсаукесеріне қатысты ішкі іске араласу сипатындағы сөздерін" қабылдамай, оны негізсіз деп атап: "Иранның зымырандық бағдарламасы халықаралық заңдарға сай және қорғаныс сипатында жүргізіліп жатыр",-деді.

Канани: "Кейбір елдер халықаралық міндеттемелерді ашық әрі ұзақ бұзып келеді. Соның ішінде ядролық сынақтар жүргізіп, жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау хаттамасын бұзып, аймақтық және халықаралық мәселелерді шиеленістіріп жатыр. Бұл елдердің ИИР-дың заңды қорғаныс қуаты туралы пікір білдіруге қақысы жоқ",-деді.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Ұлыбритания, АҚШ пен Аустралия елдерінің "Ax" келісіміне қол қоюы ядролық алпауыттардың NPT хаттамасына керісінше ядросыз елге ядролық технологиялар мен жоғары байытылған уран берудегі саяси қатынасының айқын үлгісі болып саналады",-деді.  

Тегтер