Ислам революциясының жетекшісі ядролық жетістіктер көрмесін тамашалады
Ислам революциясының жетекшісі 1.5 сағат бойы ядролық жетістіктер көрмесін тамашалады.
Ислам революциясының жетекшісі бүгін таңертең ауыл шаруашылығы, медицина, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, қоршаған орта, су, электр стансасын салу салаларындағы ядролық жетістіктер көрмесін 1,5 сағат бойы тамашалап болған соң көрнекті ғалымдар, сарапшылар, атом өнеркәсібі саласының жауапты тұлғаларымен кездесуінде: "Аса маңызды атом өнеркәсібінің жергіліктенуі Батыстың сәтсіздікке ұшырап, батысшылдардың жерге қарағанын көрсетеді. Олар халықты қорлап, жұмысқа деген үміті мен рухын әлсіретуге тырысқан еді",-деді.
Аятолла Хаменеи атом өнеркәсібінің маңыздылығын түсіндіріп, оны даму мен қарым-қабілетті көрсету тұрғысынан елдің абыройы деп атап, ядролық жетістіктердің халық өмірін жақсартуға түбегейлі әсер ететініне тоқталып: "Атом өнеркәсібі Иранның саяси салмағы және әлемдегі орны тұрғысынан халықтың абырой-айбын жинауына себеп болады. Дұшпандардың Иранды болашақсыз ел деп көрсетіп, жастарды үмітсіздендіру үшін жасап жатқан талпыныстарына керісінше, қоғамда халықтың рухы мен өз-өзіне сенімін сақтап қалады. Халыққа, әсіресе жастарға үлкен алаңдарға шығып, оларды бағындыра алатынын көрсетті",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі атом өнеркәсібінің стратегиялық маңызына сүйеніп, оны Иранның күш-қуаты мен айбынының басты белгілерінің бірі деп атап: "ИИР-дың күшейіп, дамуын қалайтын кез келген адам ядролық салада ғылыми-зерттеу жұмыстарына маңыз беруі тиіс",-деді.
Аятолла Хаменеи дұшпандардың ИИР-мен 20 жыл бойы ядролық салада арпалысып келе жатқаны бірқатар шындықтың бетін ашқанын айтып: "Үздіксіз қоқан-лоқы мен санкцияларға қарамастан, ирандық жастардың айрықша дарыны мен қарым-қабілетінің жарқырай көрінуі – шындықтардың ең маңыздысы",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі дұшпандардың Иранның ядролық бағдарламасына қарсы екенін айтып: "Олар қауіпсіздік саласындағы келісімшарттардан тыс әлімжеттік талаптар қойды. Егер олар Иран халқына қоқан-лоқы жасауды көздемесе, неге елдегі ядролық нысандардың қауіпсіздендірілуіне қарсы?",-деді.
Аятолла Хаменеи ядролық тараптарға сенбейтінін айтып: "Ядролық тараптар мен АҚХА кейінгі жылдары көп уәде берді. Бірақ олар орындалмады. Біз кімге қай жерде сенуге болатын-болмайтынын түсіндік. Бұл мәселені түсіну бір халық үшін өте маңызды. Өйткені осы мәселеге көңіл аудармаудан көп жерде соққы көрдік",-деді.
Аятолла Хаменеи: "Үстемшілдер екі тәсілмен ұлттарды артта қалдырып, әлсіретеді. Бірінші тәсіл – ұлттарды тікелей басып алып, өз отарына айналдыру. Екінші тәсіл қатерлірек. Ол ұлттардың санасына "Біздің қолымыздан келмейді" деген деструктивті ой ұялатып, немқұрайлылыққа итермелейді",-деді.