Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелік процесі аяқталады
ИИР-ның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) ресми мүшелігі осы ұйымның 4 шілдеде өтетін отырысында аяқталады.
Өткен аптада Ресей төрағалығының Шанхай ынтымақтастық ұйымының істері жөніндегі өкілі Бахтиер Хакимов ИИР-ның толыққанды мүшелік үшін қажетті қадамдарды аяқтағанын айтты. Нью-Делиде бейнеконференция арқылы өтетін алдағы отырыста Иран толық мүше ретінде қабылданады.
Елеулі экономикалық пайдасымен қоса, өзіндік саяси және қауіпсіздік өлшемдері бар Шанхай сияқты ұйымдарға мүшелік бүгінде елдер үшін өте маңызды. Өйткені халықаралық ұйымдарға мүше болу елдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ көпжақты халықаралық өзара әрекеттесуді арттыруға көмектеседі.
Аймақ елдерімен, соның ішінде Шанхай ұйымына мүше елдермен өзара әрекеттестік пен байланыс пен аймақтық және халықаралық келісімдерге тиімді қатысу Иран Ислам Республикасының 13-ші үкіметінің сыртқы саясатының негізші тақырыптарынан. Сондықтан өткен екі жылда Иран үкіметі осы ұйымға мүше елдермен қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында елеулі дипломатиялық шараларға басымдық беріп, Шанхайдың барлық мүшелерінің келісімін ала алды.
Әлбетте, Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына толыққанды мүшелігі әртүрлі саяси және экономикалық аспектілерден маңызды. Өйткені ИИР бұдан былай ШЫҰ-ның тұрақты және негізгі мүшелерінің бірі ретінде саяси, қауіпсіздік, экономикалық, сауда-саттық, валюталық және банктік салаларда халықаралық өзара әрекеттесу үшін неғұрлым қолайлы кеңістікке ие болады. Бұл Иранның АҚШ-тың біржақты және заңсыз санкцияларының астында тұрған кезі. Және осы себепті Иранның экономикалық пайдасымен қатар Шанхайдағы толық мүшелік АҚШ пен оның ИИР оқшаулау саясаттары үшін сәтсіздік ретінде бағаланады.
Шанхай мүшелері үшін Иранның геосаяси жағдайы мен орасан зор мұнай және газ ресурстары өте маңызды екенін есте ұстаған жөн. Иран – бірнеше шеткері аймақтарда орналасқан әлемдегі санаулы елдердің бірі. Шын мәнінде, Иран Парсы шығанағы, Батыс Азия, Орталық Азия, Кавказ және Үндістан субконтинентінің аймағында орналасқан, ол Азия, Еуропа және Африка континентінің арасындағы көпір ретінде ерекше транзиттік позиция болып саналады. Сондай-ақ, Иран Ислам Республикасының мұнай және газ ресурстарының ең ірі иелерінің бірі ретіндегі мүшелігі шанхайлық мүшелер, соның ішінде Қытайды ең ірі энергия тұтынушысы ретінде маңызды деп санайды.