Канани: Америка Украинадағы соғысты жалғастыруға және қиындатуға талпынуда  
(last modified Sun, 09 Jul 2023 11:26:28 GMT )
Шіл 09, 2023 17:26 Asia/Almaty
  • Канани: Америка Украинадағы соғысты жалғастыруға және қиындатуға талпынуда  

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың Украинаға кассеталық бомбалар жіберу шешімін бұл елдің Украинадағы соғысты жалғастыру мен қиындатудағы табандылығының көрсеткіші деп атады.

 

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Бұл әрекет Америка Құрама Штаттарының тұрақсыздандыратын әрекеттерінің тағы бір мысалы, сонымен қатар көбірек өлтіру мен жоюға ықпал ететін қаруды экспорттау»,- деді.

ИИР Украинадағы соғыс басталғалы екі тарапты да соғыстан аулақ болуға шақырып, осыған байланысты саяси шешімге баса назар аударды.

Жұма күні, 16 шілдеде АҚШ қорғаныс министрінің саяси орынбасары Колин Колл Украинаға кассеталық оқ-дәрілердің жеткізілуі бейбіт тұрғындардың қазасына әкелуі мүмкін екенін мойындады. Ол: «Бұл алаңдаушылықтардан Ресейдің ұрыс даласындағы табысынан қорқу басым»,- деді. Баспасөз мәслихатында Колин Колл Ақ үйдің Украинаға кассеталық оқ-дәрілер кіретін 800 миллион долларлық әскери көмектің жаңа пакетін бекіту туралы шешімін қорғады.

 

Тегтер