Әуе күштерінің әскери жаттығуында ирандық қырғи ұшақтарының күш-қабілеті көрсетілді
Исфаханның Анарак ауданында өтіп жақтан ИИР армиясы әуе күштерінің "Велаят кеңістігінің әуе қуаты-1402" атты әскери жаттығуында ирандық қырғи ұшақтардың күш-қабілеті көрсетілді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран армиясы әуе күштерінің Су-24 пен F-4 стратегиялық қырғи ұшақтары "Велаят кеңістігінің әуе қуаты-1402" атты әскери жаттығуы барысында түнгі операцияда тұтқиылдан шабуылдау принципін пайдаланып, дұшпан ретінде белгіленген күштердің құрлықтағы радарларын нысанаға алып, сәтті жойып жіберді.
"Велаят кеңістігінің әуе қуаты-1402" атты 11-ші әскери жаттығуының баспасөз өкілі бригада генералы-ұшқыш Әлиреза Рудбари: "Су-24 пен F-4 бомбалаушы ұшақтары дұшпан күштерінің позицияларына "Ғасед" атты дамыған зымырандармен шабуылдап, құрлықтағы нысандарды сәтті жойып жіберді",-деді.