Сақшылар корпусына жаңа зымырандық кешендер мен ұшқышсыз ұшақтар табысталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i71598-Сақшылар_корпусына_жаңа_зымырандық_кешендер_мен_ұшқышсыз_ұшақтар_табысталды
Жаңа зымырандар, ұшқышсыз ұшақтар, электронды соғысқа қатысты құрал-жабдықтар мен кешендер таныстырылып, Ислам революциясы Сақшылар корпусына табысталды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 06, 2023 19:25 Asia/Almaty

Жаңа зымырандар, ұшқышсыз ұшақтар, электронды соғысқа қатысты құрал-жабдықтар мен кешендер таныстырылып, Ислам революциясы Сақшылар корпусына табысталды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хұсейн Салами, теңіз күштерінің қолбасшысы Әлиреза Тангсири және басқа да мемлекеттік және әскери қайраткерлердің қатысуымен жүздеген жаңа стратегиялық құрал-жабдық пен кешен осы корпусқа табысталды.