Адмирал Фадави: АҚШ кемелерінің аймақтағы қозғалысы бақылауға алынған
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i7165-Адмирал_Фадави_АҚШ_кемелерінің_аймақтағы_қозғалысы_бақылауға_алынған
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы: «АҚШ кемелерінің Парсы шығанағы мен Оман теңізі аймағындағы барлық қозғалысы бақылауға алынған»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 10, 2016 13:41 Asia/Almaty
  • Адмирал Фадави: АҚШ кемелерінің аймақтағы қозғалысы бақылауға алынған

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы: «АҚШ кемелерінің Парсы шығанағы мен Оман теңізі аймағындағы барлық қозғалысы бақылауға алынған»,-деді.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Әли Фадави дүйсенбі күні кешке Иран Телерадио бірлестігінің «Хабар» арнасына берген сұхбатында: «Иран аймақтағы АҚШ-тың барлық кемелерін бақылап отыр, олардың барлық әрекетінен хабардар»,-деді.

Адмирал Фадави Парсы шығанағы мен Хормоз бұғазын әлемнің ең негізгі әрі стратегиялық тұрғыдан ең маңызды аймағы деп атап: «Иран Парсы шығанағы мен Хормоз бұғазымен ең ұзақ шекараға ие болғандықтан бұл аймақта басқа көршілес елдермен салыстырғанда маңыздырақ рөл ойнайды»,-деді.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштерінің қолбасшысы АҚШ-тың Парсы шығанағындағы құзыры мен көздейтін мақсат-мүдделерінің көптігіне тоқталып: «АҚШ өзінің аймақтық және трансаймақтық одақтастарымен бірге аймақтағы суларда әдеттен тыс әскери арсеналға ие»,-деді.

Адмирал Фадави, сондай-ақ, 2016 жылдың 12 қаңтарында Иранның территориялық суларында америкалық теңізшілердің құрықталғанына тоқталып: «Осы шарадан кейін АҚШ кемелерінің Иранның территориялық суларына ену фактісі қайталанған жоқ»,-деді.