Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауына 24370 адам тіркелді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i71706
Иран Сайлау штабының баспасөз өкілі: "Осы сәтке дейін парламенттік сайлауға үміткер ретінде алдын ала тіркелген адамдар саны 24370 адамға жетті",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 12, 2023 23:14 Asia/Almaty
  • Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауына 24370 адам тіркелді

Иран Сайлау штабының баспасөз өкілі: "Осы сәтке дейін парламенттік сайлауға үміткер ретінде алдын ала тіркелген адамдар саны 24370 адамға жетті",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мохсен Ислами Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауына алдын ала тіркелген үміткерлердің саны туралы: "Жұма күні сағат 11:00-ге дейін 904 адам Ішкі істер министрлігінің алдын ала тіркелу сайтына өз құжаттарын жүктеп тіркелді",-деді.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауына алдын ала тіркеу дүйсенбі күні басталып, 13 тамызға дейін жалғасады.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің алтыншы сайлауы  2024 жылдың 1 наурызында өтеді.