Иран күніне 3,2 млн баррель мұнай өндіреді
Там 13, 2023 22:00 Asia/Almaty
Иранның Мұнай министрі елде күніне 3,2 млн баррель мұнай өндірілетінін хабарлады.
Статистика көрсеткендей, АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Иранда мұнай өндірісі жыл сайын артып келеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джавад Оуджи жексенбі күні Пассивті қорғаныс кеңесінің отырысында биыл шілде айының соңына дейін шикі мұнай өндіру көлемі 3 млн 300 мың баррельге жеткенін айтып: "Биыл 15 млрд доллар көлемінде жартылай істелген жобалар орындалады",-деді.