Зинган үңгірі – Эламның туристік жері
(last modified Sun, 13 Aug 2023 18:20:18 GMT )
Там 14, 2023 00:20 Asia/Almaty

Зинган үңгірі – Иранның батысындағы Элам облысының табиғи және туристік тартымдылықтарының бірі.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Зинган үңгірі Элам облысындағы Михран ауданының Салехабад округінде орналасқан. Ол Иранның теңдессіз панорамаға ие көрікті жерлерінің бірі.

Зинган үңгірінің әдемі панорамасы мен жаздағы салқын ауасы Элам мен Михран аймағының тұрғындары мен туристерін қызықтырады.

Михранда жазда ауа температурасы тіпті +50 градусқа жетеді, бірақ Зинган үңгірінің салқындығы туристерге шаттыққа толы сәттер сыйлайды.