Шахшырақта тағы лаңкестік оқиға болды
Жексенбі күні бір қарулы лаңкес Шираз қаласындағы хазірет Шахшырақ кесенесінің Баб-ул-Махди есігінен кіріп, қауіпсіздік күштерімен қақтығысып, зияратшылар мен қызметшілерге оқ жаудырды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Фарс облысы әкімінің саяси істер жөніндегі орынбасары Исмаил Қызылсафли: "Бұл оқиғада осы күнге дейін бір адам қаза тауып, 8 адам жараланды. Жарақат алғандардың бәрі аураханаларға жеткізілді. Шәһид болған адам Шахшырақ кесенесінің қызметшісі еді. Ол жауырынына оқ тиіп қайтыс болды",-деді.
Фарс облысының әкімі Мұхаммед Хади Иманиа "Хабар" арнасына берген сұхбатында кесенеге бір адамның шабуыл жасағанын айтып: "Лаңкес ұсталды",-деді.
ДАИШ лаңкестік тобы Шираздағы лаңкестік шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.