Иран Президенті: Халықтың көмегімен ұлы істер атқарамыз
Иран Президенті: "Бөгдеге көз тігіп отырған жоқпыз. Еліміздің тағдырын біреулердің күлгені немесе күңіренгеніне қаратып қоймаймыз. Өзіміздің қабілетті мамандандарымыздың қолымен ұлы істер атқаратынымызға сенімдіміз",-деді.
Раиси Ассалуйе қаласында халық пен мұнай өнеркәсібі қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиында Оңтүстік Парс алаңының 11-ші бөлігінде газ өндіруді бастау рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Үкіметтің ұраны шәһид Сүлеймани мен басқа да шәһидтердің ұранындай: Біз істей аламыз. Қазіргі таңда дұшпан шешілмейді деп ойлайтын түйіндердің көбі халықтың қолымен шешілетініне сенімдіміз",-деді.
Иран Президенті елде бірлік пен біртұтастықтың барына тоқталып: "Дұшпан қолында бар барлық әлеуеттерді пайдаланып, халық арасына іріткі салуға тырысты. Бірақ бүгінде Иранның құдіретті халқы "Біз бірлік пен біртұтастықты сақтай отырып, елді дамыту жолында қадам басамыз" деп отыр",-деді.
Раиси: "Елде қайшылық тудырғысы келетін кез келген адам дұшпан жолына түседі",-деді.