Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері: "Дұшпан Иран халқының бірлігін бұзып, қауіпсіздігін әлсіретуді көздеп отыр",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Ахмад Хатами Ислам революциясы жетекшісінің Систан мен Белуджистан және Оңтүстік Хорасан облыстарының тұрғындарымен кездесуінде сөйлеген сөздеріне тоқталып: "Аятолла Хаменеидің баяндамасында көтерілген маңызды мәселелердің бірі – дұшпандардың Иран халқының бірлігін бұзып, қауіпсіздігін әлсіретуге талпыныстары",-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері: "АҚШ түрлі елдерде дағдарыс тудыру үшін арнайы топтар құрды. Олар дағдарысты кезеңдерде халықты арандатады. Иранда қауымдық және мазхабтың қайшылықтарды қоздырып, жыныс және әйел мәселесін көтеруді жоспарлап отыр. Осы мәселелерді қоздыру арқылы бізді қиындыққа душар етіп, революцияға соққы беруді көздеп отыр",-деді.
Аятолла Ахмад Хатами: "Біз дұшпанға табанды қарсы тұрып, олардың қастандықтарын залалсыздандырамыз",-деді.