Теһранда 30 жарылыс залалсыздандырылып, 28 лаңкес қамауға алынды
(last modified 2023-09-25T17:53:40+00:00 )
Қыр 25, 2023 23:53 Asia/Almaty
  • Теһранда 30 жарылыс залалсыздандырылып, 28 лаңкес қамауға алынды

Иранның Барлау министрлігі Теһранда 30 жарылыс залалсыздандырылып, 28 лаңкестің қамауға алынғанын хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Барлау министрлігі мәлімдеме таратып, Имам Заманның(ғ.) белгісіз сарбаздарының Теһранда 30 жарылысты залалсыздандырып, 28 лаңкесті ұстағанын айтып: "Иран халқының назарына жеткіземіз: Қасиетті қорғаныс мектебінің түлектері мен белгісіз сарбаздар Имам Заманның (ғ.) қолдауымен сенбі күні Теһранның түрлі орталықтарында бір мезгілде жасалмақ болған 30 лаңкестік жарылыстың алдын алып, лаңкестерді ұстады",-деді.

Белгісіз сарбаздар соңғы күндерде Теһран, Альборз және Батыс Әзірбайжан облыстарында бір мезгілде операция жүргізіп, лаңкестік топтың бірнеше базасы мен үйіне шабуыл шасап, 28 адамды қамауға алды. Олар ДАИШ лаңкестік тобының мүшелері. Бірқатары Сириядағы тәкфирлермен  әріптестік жасаған немесе Ауғанстан, Пәкістан мен Ирактың Күрдістан аймағында болған.  

Тегтер