Амирабдуллахиан: Теһран мен Эр-Риядтың қарым-қатынасы алға ілгерлеуде
«Әл-Иттихад» пен «Сепахан» арасындағы футбол матчындағы оқиғаларға қатысты Иран Сыртқы істер министрі Теһран мен Эр-Риядтың қарым-қатынастары алға жылжып, спорттың саяси құралға айналуына жол бермеу керектігін айтты.
Иранның "Сепахан" және Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» футбол командаларының кездесуі дүйсенбі күні кешке Сауд Арабиясы командасының кәсіпқой емес және оғаш әрекетіне байланысты болмай қалды, осылайша бұл оқиғаға қатысты түрлі болжамдар жасалды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амирабдуллахиан сәрсенбі күні министрлер кабинетінің отырысында журналистерге берген сұхбатында «Әл Иттихад» пен «Сепахан» арасындағы футбол матчының тоқтатылуы кезінде Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен байланыста болғанын айтты. Амирабдуллахиан Азия футбол конфедерациясына (AFC) бұл оқиғаға техникалық негізде түсініктеме беруді ұсынды. Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Сауд Арабиясы арасында ойынның екі тарап келіскен уақытта ойналатыны туралы келісім бар екенін баса айтты.
Иранның дипломатиялық қызметінің басшысы сондай-ақ АҚШ-тың ортақ келісімге қайта оралғысы келмейтінін мәлімдегені туралы сұраққа жауап ретінде америкалықтардың екіжүзді әрекет етіп жатқанын ашық айтты. Амирабдулахиан: "Иран дипломатия мен келіссөздер жолында, келісім нүктесіне жақындаған бойда бізге хабарланады",- деді.