Иран аймақта мұнай және газ кен орындарын ашу саласында бірінші орында
Иран Мұнай министрі: «Аймақ елдерімен салыстырғанда Иран Ислам Республикасы мұнай және газ кен орындарын барлауда бірінші орынға ие болды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джавад Оджи сәрсенбі күні үкімет отырысында журналистерге берген сұхбатында: «Иран соңғы екі жылда төрт мұнай мен газ кен орнын ашты. Төрт мұнай-газ кен орнына елдің солтүстік-шығысындағы Хорасан Разави облысындағы Чешмешор газ кен орны, Гүлстан облысындағы Илкан немесе Иркан мұнай кен орны, Бушердағы Тенгу және Ганаве мұнай кен орындары кіреді.",- деді. Джавад Оджи: "Барлау жұмыстарының нәтижесінде халық өкіметінің екі жылының ішінде өндіруге болатын мұнай мен газдың көлемі 2,6 миллиард баррель сұйық мірсутектерді құрайтын төрт мұнай-газ кен орны ашылды. ИИР Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ және Катар сияқты аймақтағы елдермен салыстырғанда барлау бойынша бірінші орынға ие",- деп мәлімдеді.