Иран аймақта мұнай және газ кен орындарын ашу саласында бірінші орында    
(last modified Wed, 04 Oct 2023 11:29:07 GMT )
Қаз 04, 2023 17:29 Asia/Almaty
  • Иран аймақта мұнай және газ кен орындарын ашу саласында бірінші орында    

Иран Мұнай министрі: «Аймақ елдерімен салыстырғанда Иран Ислам Республикасы мұнай және газ кен орындарын барлауда бірінші орынға ие болды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Джавад Оджи  сәрсенбі күні үкімет отырысында журналистерге берген сұхбатында: «Иран соңғы екі жылда төрт мұнай мен газ кен орнын ашты. Төрт мұнай-газ кен орнына елдің солтүстік-шығысындағы Хорасан Разави облысындағы Чешмешор газ кен орны, Гүлстан облысындағы Илкан немесе Иркан мұнай кен орны, Бушердағы Тенгу және Ганаве мұнай кен орындары кіреді.",- деді. Джавад Оджи: "Барлау жұмыстарының нәтижесінде халық өкіметінің екі жылының ішінде өндіруге болатын мұнай мен газдың көлемі 2,6 миллиард баррель сұйық мірсутектерді құрайтын төрт мұнай-газ кен орны ашылды. ИИР Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ және Катар сияқты аймақтағы елдермен салыстырғанда барлау бойынша бірінші орынға ие",- деп мәлімдеді.