Раиси: Қарсылық топтары анықтау және шешім қабылдауда тәуелсіз
(last modified Tue, 17 Oct 2023 10:34:10 GMT )
Қаз 17, 2023 16:34 Asia/Almaty
  • Раиси: Қарсылық топтары анықтау және шешім қабылдауда тәуелсіз

ИИР Президенті қарсыласу топтарының анықтау мен қабылдауда тәуелсіз екеніне тоқталып, қарсыласу топтарының сионистік басқыншылыққа қарсы кез келген әрекеті және олардың заңды қорғанысы баршаның мақұлдануына ие болу керектігін баса айтты.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде Ресей президентінің Иранның қақтығыстарды тоқтатудағы рөлі және оның күш-қуаты туралы ұсынысына жауап ретінде: "Палестинаны қолдау ИИР сыртқы саясатының басымдығы болып табылады, бірақ қарсыласу топтарының өздері шешім қабылдауда тәуелсіз",- деді.

ИИР Президенті Ресейдің Газадағы сионистік режимнің соғыс қылмыстары мен геноцидін айыптаудағы ұстанымдарын оң бағалап: "Иран барлық елдер мен халықаралық ұйымдардан, оның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде Ресейден сионистік режимнің соғыс қылмыстарын тоқтатуда тиімдірек рөл атқаруын күтеді",- деп сөзін жалғастырды.