Амирабдуллахиан: Режимге қарсы жаңа майдандар ашу мүмкіндігі сөзсіз
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан: "Біріккен Ұлттар Ұйымына берілген шектеулі және қарқынды мүмкіндіктер пайдаланылмаса, режимге қарсы жаңа майдандар ашу мүмкіндігі сөзсіз",- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амирабдуллахиан дүйсенбі күні кешке теледидарға берген сұхбатында Иранның соғысқа кіре ме деген сауалына: «Барлық мүмкіндікті елестетуге болады. Бұл жағдайдың жалғасуына ешбір тарап бейжай қарай алмайтынын баса айтамын",- жеп жауап берді. Ол: "Қарсыласу аймағында соғыстың кеңеюі Құдсты басып алған режимінің географиялық картасын өзгертетін көрініс жасайды. Есептерде бәрі дұрыс көрінді, қарсыласу жетекшілері сионистік режимнің аймақта әрекеттенуіне рұқсат бермейді. Кез келген алдын алу шаралары алдағы сағаттарда қарастырылады",- деп мәлімдеді. Амирабдуллахиан: "Батыстың ХАМАС-қа қарсы ақпарат ағынына тоқталып: "ХАМАС пен ДАИШ-ты салыстыру – еркіндікті жақтаушы топқа қарсы медиа қылмыс",- деді.