Раиси Кавказ ынтымақтастығы тобының мүмкіндіктерін бар проблемаларды шешуге пайдалануды қуаттады
Иран Президенті Кавказ аймағында шешілмейтін мәселе жоқ екеніне тоқталып, Теһран отырысында Кавказ ынтымақтастық тобының мүмкіндіктерін бар қиындықтар мен мәселелерді шешу үшін пайдалануды қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси дүйсенбі күні кешке Кавказ ынтымақтастық тобының отырысына қатысу үшін Теһранға келген Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуінде аймақ елдері арасында осы күнгі жақындасу мен консенсусты проблемалар мен сын-қатерлерді шешуде тиімді деп санап: "Біз Кавказ аймағы елдері арасындағы диалог проблемаларды шешуге негіз болады, ал шетелдіктердің араласуы жағдайды қиындатып, аймақтың проблемаларын ушықтырады деп есептейміз",- деді.
Раиси өз сөзінің басқа бір бөлігінде бес құрлықтағы әлем халқының езілген Палестина халқына қолдау көрсету үшін теңдессіз және бұрын-соңды болмаған ағылуына тоқталып, Түркияның Газадағы әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстардың таралуына тосқауыл қоюдағы рөлін маңызды деп санап, бомбалауды және атысты тоқтату үшін сионистерге қысым көрсетуде исламдық елдердің жақындасуы қажеттігін қуаттады.
Осы отырыста Түркияның Сыртқы істер министрі аймақтық мәселелерді аймақаралық диалогтар арқылы және шетелдік араласусыз шешу үшін Түркияның ИИР-мен ынтымақтастығын баса айта отырып, Кавказ ынтымақтастығы тобының отырысын өткізуді Кавказ елдері арасында орын алған проблемаларды шешудің және аймақ халқының игілігі үшін негіз деп санады.