Хазірет Фатима Масуме қайтыс болған күн
Қаз 26, 2023 16:34 Asia/Almaty
Исламдық Иран әлем шиіттерінің сегізінші имамы Имам Резаның (ғ.с.) сүйікті қарындасы хазірет Фатима Масуменің (ғ.с.) қайтыс болған күнінің жылдығында аза тұтуда.
Бүгін хижраның 1445 жылы раби әс-сани айының 10-ы, бейсенбі, әлем шииттерінің жетінші имам хазірет Мұса Каземнің (ғ.с.) қызы, хазірет Фатима Масуменің (ғ.с.) қайтыс болған күні. Исламдық Иран халқы аза тұту белгісі ретінде қара жалауларды көтеріп, түрлі аза тұту рәсімдерін өткізуде. Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласындағы хазірет Масуменің (ғ.с.) қасиетті кесенесінде арнайы бағдарламалар өткізілуде.