Амирабдуллахиан: Соғыс ауқымының кеңеюі сөзсіз болды
(last modified Fri, 10 Nov 2023 12:03:12 GMT )
Қар 10, 2023 18:03 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан: Соғыс ауқымының кеңеюі сөзсіз болды

Иран Сыртқы істер министрі катарлық әріптесімен телефон арқылы сөйлесуінде: «Газаның бейбіт тұрғындарына қарсы соғыстың қарқындылығының артуына байланысты қазір соғыс ауқымының кеңеюі сөзсіз болды»,- деді.

 

Бұл Иран мен Катар сыртқы істер министрлерінің соңғы бір аптадағы екінші телефон қоңырауы.12 қарашада Иран Сыртқы істер министрі сонымен қатар Катарлық әріптесімен телефон арқылы Газадағы жағдайды талқылаған кезде, уақытша атысты тоқтату немесе соғыс ауқымын кеңейтуге қатысты кейбір ұсынылған бастамалар туралы да пікір алмасты.

Амирабдуллахиан мен оның катарлық әріптесі осы телефон сұхбатында сионистік режимнің бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдарын қатаң айыптап, Газадағы гуманитарлық жағдай мен бейбіт тұрғындар, әйелдер мен балаларға қарсы ауқымды әскери шабуылдардың жалғасуына терең алаңдаушылық білдірді. Олар Израиль режимінің айуандық шабуылдарын тоқтатудың саяси жолдарын, тез арада атысты тоқтатуды және қоршаудағы және соғыстан зардап шеккен Газа халқына гуманитарлық көмекті үздіксіз жеткізуді талқылады.

 

Тегтер