ХАМАС-тың Ирандағы өкілі: Араб елдерінің сионистік режимнің қылмыстарына үнсіздігі айыпталды
Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) Ирандағы өкілі кейбір исламдық және араб елдерінің сионистік режимнің қылмыстары алдында үнсіз қалуын айыптады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Халед Кадуми жұма күні кешке Тайбад қаласының (Иранның солтүстік-шығысында) кейбір сүннит ғалымдарымен кездесіп, Палестина халқына халықаралық көмектің жоқтығын сынап, "әл-Ақса дауылы" шабуылынан кейін Газаға бар болғаны 500 жүк көлігі гуманитарлық көмек жеткеніне тоқталып: "Сионистер мен олардың қуыршақтары "әл-Ақса дауылы" келтірген залалды жөндеуге және өтеуге ұмтылуда және олар қазір балалар мен бейбіт тұрғындарды нысанаға алуда. Басқа елдер халықтарының көшелерге шығуы және халықаралық орталарда сионистік режимнің қылмыстық әрекеттерін айыптауы "әл-Ақса дауылының" маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады",- деді.