Ислам революциясының жетекшісі: Аймақтың жаңа саяси географиясы қарсыласу өзектерінде шоғырланған
Иран Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі имам Хомейнидің (р.а.) «жаһандық қарсыласу өзегінің қалыптасуы» туралы жолдауының бүгінде аймақта орындалғанын айтып: "Қарсыласу өзегі аймақтың тағдырын өзгертуде, соның бір мысалы – әл-Ақса дауылы",- деді.
Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аятолла Хаменеи бүгін (сәрсенбі) Иранның түкпір-түкпірінен келген мыңдаған басидж (ерік күштері) мүшелерімен кездесуінде американдықтардың Ливан, Ирак, Сирия және Палестина елдеріндегі Батыс Азияның саяси географиясының картасын өзгерту жөніндегі сәтсіз жоспарына тоқталды. Аятолла Хаменеи Батыс Азияның жаңадан қалыптасып жатқан картасының ерекшеліктеріне назар аудартып: «Жаңа Батыс Азияның бірінші ерекшелігі – америкасыздандыру, яғни аймақтағы АҚШ үстемдігін жоққа шығару. Әрине, бұл елдер мен Америка арасындағы саяси қарым-қатынастарды үзу дегенді білдірмейді, бірақ бұл Американың саяси күші мен үстемдігінің жоғалуын білдіреді. Біз кейбір елдердің Америкаға 100 пайыз тәуелді болуын көріп отырмыз»,- деді. Діни жетекші АҚШ-тың соңғы жылдары аймақта үстемдік ету үшін жасаған әрекеттерінің қатарында сионистік режимді күшейту және елдерді онымен қарым-қатынас жасауға ынталандыру деп тауып: "Аймақтың америкасыздандырылуының айқын белгісі "әл-Ақса дауылы" тарихи оқиға болып табылады. Ол сионистік режимге қарсы болғанымен, америкасыздандыру бағытында. "Әл-Ақса дауылы" Американың аймақтағы саясаттарының кестесі бұзды, оның жалғасуымен АҚШ-тығ аймақтағы саясаттарының кестесі де жойылады",- деп мәлімдеді.
Ислам революциясы жетекшісі "Аймақтағы жалған және таңылған екі жақтылықты бұзуды" жаңа Батыс Азияға тән тағы бір ерекшелік деп атап: "«Араб және араб емес», «шиіт пен сүннит», "шиіттер доғасы" туралы аңыз түсін жоғалтты, бұл Палестина жағдайындағы айқын мысал. Өйткені "әл-Ақса дауылы" кезінде және оған дейін араб және араб емес шиіттер палестиналықтарға барынша көмек көрсетті. Осы таңылған екіжүзділікке қарсы аймақты «Қарсыласу және берілу» деп аталатын жаңа дуализм басқарды. Бүгінде Американың мәжбүрлеуіне, ысырапшылдығына және араласуына бағынбау қарсылық тенденциясы аймақтағы айқын үрдіс",- деп айтты.
Аятолла Хаменеи «Палестина мәселесін шешуді» жаңа және дамып келе жатқан Батыс Азияның тағы бір ерекшелігі деп санап, былай деп қосты: «Палестина мәселесі Алланың рақымымен Палестинаның барлық жерінде Палестина егемендігін орнатуға бет бұруда".
Ислам республикасының бүкіл палестиналықтардың референдумы болып табылатын Палестина үшін дүниежүзілік, қолайлы және өркениетті жоспары мен қисынына тоқталып: «Басқыншылардан басқа барлық палестиналықтар, Палестина тұрғындары да, көрші елдер мен лагерьлер мен басқа аймақтардың тұрғындары да Палестина үшін дауыс беруге қатысуы керек. Кейбіреулер сионистік режим бұл жобаны қабыд етпейді дейді, бірақ оны оған таңу керек. Алла қаласа, осы жоспар орындалса, қарсылық өзегі олардың ерік- жігерін байыппен орындаса, бұл мақсат орындалады",- деп баса айтты.
Ислам революциясы жетекшісі әлемдегі кейбір адамдардың ИИР-ның Палестина мәселесін шешу үшін еврейлер мен сионистерді теңізге лақтыру керек деген ұстанымға ие болуы туралы жалған пікіріне тоқталып: «Ислам республикасының пікірі кімде-кімді теңізге лақтыру емес. Палестина халқының пікірімен үкімет құрылып, мұндай адамдар туралы сол үкімет шешім қабылдауы керек",- деді. Аятолла Хаменеи соңында: «Әл-Ақса дауылы сөндірілмейді және Алла қаласа, бұл жағдай да жалғасын таппайды",- деп айтты.