Иран мен Қазақстан екі ел арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның 19-шы отырысының соңында ынтымақтастық келісімдерге қол қойды
(last modified Tue, 05 Dec 2023 12:46:26 GMT )
Жел 05, 2023 18:46 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан екі  ел арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның 19-шы отырысының соңында  ынтымақтастық келісімдерге қол қойды

Иран мен Қазақстан екі елдің өкілдері арасындағы Экономикалық ынтымақтастық комиссиясының 19-шы отырысында ынтымақтастық келісімдеріне қол қойды.

 

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ауылшаруашылық жиһад министрі Мұхаммад Әли Никбахт Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары әрі Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринмен кездесуінде екі ел арасындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның келіссөздерінің барысына ризалығын білдіріп: "Келіссөздер мен алынған нәтижелер екі ел шенеуніктерінің түрлі салалардағы қарым-қатынастарды жан-жақты дамытудағы ерік-жігерін көрсетеді. ИИР Президенті көрші елдермен экономикалық ынтымақтастық пен сауда қарым-қатынастарының басымдылығын қатты қуаттады.  Екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның нәтижелері Иран мен Қазақстанның халықтар достығына негізделген ұлттық және ортақ мүдделерді қамтамасыз етудегі табандылығының дәлелі болып табылады",- деді.

Никбахт Иран мен Қазақстан ынтымақтастық комиссиясының 19-шы отырысының бірінші кезеңінің отырысына сілтеме жасап, Иранның ауылшаруашылық мүмкіндіктеріне тоқталып: "Достас Қазақстан елімен жақындау арқылы ауыл шаруашылығы байланыстары Каспий теңізі мен Парсы шығанағындағы балық шаруашылығы, торлы аквакультура және асшаян шаруашылығының қосалқы салаларында кеңейіп келеді",- деп мәлімдеді.

Иран мен Қазақстан бірлескен комиссиясының 19-шы отырысының ынтымақтастық құжаты мен екі ел арасындағы 3 миллиард долларға дейінгі коммерциялық байланыстардың жол картасына Иранның Жиһад ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары қол қойды.

Иран стандарты мен Қазақстан метрология институты арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ Қазақстаннан келетін мал етінің саудасына қойылатын санитарлық-ветеринарлық процедуралар мен талаптарға Иран мен Қазақстан екі елінің өкілдері де қол қойды.