Канани: Аймақтағы соғыс ауқымын кеңейтудің салдары Америка мен сионистік режимге бағытталған
(last modified Sat, 09 Dec 2023 12:56:11 GMT )
Жел 09, 2023 18:56 Asia/Almaty
  • Канани: Аймақтағы соғыс ауқымын кеңейтудің салдары Америка мен сионистік режимге бағытталған

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «АҚШ үкіметі бейбіт тұрғындар мен палестиналық азаматтарды, әсіресе әйелдер мен балаларды өлтіру және Газадағы өмірлік маңызды инфрақұрылымдарды жоюда өзінің негізгі рөлін тағы бір рет дәлелдеді",- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насер Канани  АҚШ-тың Газада дереу гуманитарлық бітім орнату мақсатындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына вето қою әрекетін айыптай отырып: "АҚШ үкіметі бейбіт тұрғындар мен палестиналық азаматтарды, әсіресе әйелдер мен балаларды өлтіру және Газадағы өмірлік маңызды инфрақұрылымдарды жоюдағы басты ойыншы екенін тағы бір рет дәлелдеді. АҚШ үкіметінің 18 000-ға жуық бейбіт тұрғынды, оның ішінде 8 000-ға жуығы қуғын-сүргінге ұшыраған балаларды аяусыз өлтіруге сыбайлас болғаны және аймақтағы соғыс ауқымының кез келген кеңеюінің салдары сөзсіз басып алушы АҚШ-қа және Израиль режимге бағытталғаны күмәнсіз",- деп мәлімдеді.

 

Тегтер