Жел 23, 2023 21:52 Asia/Almaty
  • Палестина бойынша Теһран халықаралық конференциясының екі  мамандандырылған отырысы өтті

Палестина бойынша Теһран халықаралық конференциясы аясында «Газаға қарсы соғыстың саяси және құқықтық салдары» және «Газаға қарсы соғыста БАҚ, ойшылдар мен діни жетекшілердің рөлі» атты екі мамандандырылған отырыс өтті.

   

 

Палестина бойынша Теһран халықаралық конференциясы Газа мен Батыс жағалаудағы езілген Палестина халқына халықаралық қолдауды күшейтуді, сионистік режимге Газаға қарсы әскери шабуылдарды толығымен тоқтату және   қоршауды толығымен алып тастау үшін қысымды күшейту, сондай-ақ, Палестина халқына халықаралық гуманитарлық көмек жіберуді жұмылдыру мақсатымен бүгін (сенбі) Теһранда өтуде.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Газаға қарсы соғыста БАҚ, ойшылдар мен діни жетекшілердің рөлі»  отырысты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани және «Газаға қарсы соғыстың саяси және құқықтық салдары» отырысын Сыртқы істер министрлігінің құқықтық және халықаралық орынбасары Реза Наджафи басқарды.

Палестина жөніндегі Теһран халықаралық конференциясының бір күндік отырысына әлемнің 50-ден астам елінен жоғары лауазымды мемлекеттік қайраткерлер, көрнекті саяси, діни, ойшылдар мен БАҚ өкілдері қатысуда.

 

Тегтер