Ислам революциясының жетекшісі: Қарсыласу майданын қайта жандандыру – шәһид Сүлейманидің ең үлкен қызметі
(last modified Sun, 31 Dec 2023 14:39:53 GMT )
Жел 31, 2023 20:39 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Қарсыласу майданын қайта жандандыру – шәһид Сүлейманидің ең үлкен қызметі

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи шәһид Сүлейманидің жанұясымен кездесуінде осы шәһидтің есімі мен ерекшеліктерін сақтау керегін айтып: "Осы шәһидтің ең маңызды рөлі мен қызметі аймақта Қарсыласу майданын қайта жандандыру болды",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі жексенбі күні таңертең шәһид Сүлейманидің қаза тапқанына төрт жыл толу қарсаңында осы шәһидтің жанұясымен кездесуінде Газаның үш айға жуық уақыт бойы табандап тұрғаны Қарсыласу майданының болғанына байланысты екенін айтып: "Шәһид Сүлеймани Қарсыласу майданын қайта жандандыру үшін көп қызмет етті. Мұны зор ықылас және қырағылықпен атқарды",-деді.

Аятолла Хаменеи Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы сардар Исмаил Каанидің талпыныстарына алғыс айтып: "Қарсыласу майданын нығайту үдерісі одан ары жалғасуы тиіс",-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хұсейн Салами мен Құдс күштерінің қолбасшысы сардар Исмаил Каани қатысқан кездесуде Зейнеп Сүлеймани өз әкесінің рухани дүниесі, мінез-құлқы мен ерекшеліктерін жас ұрпаққа таныстыру үшін осы аралықта атқарылған және атқарылып жатқан мәдени-көркемдік шаралар жайлы баяндады.  

Тегтер