Амирабдуллахиан: Иран әрқашан Йемен  халқының еркін қолдайды
(last modified Tue, 02 Jan 2024 11:57:00 GMT )
Қаң 02, 2024 17:57 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан: Иран әрқашан Йемен  халқының еркін қолдайды

ИИР Сыртқы істер министрі Теһрандағы Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің келіссөздер тобының басшысы  Мұхаммад Абдул Саламмен кездесуінде Иранның әрқашан Йемен халқының ерік-жігерін қолдайиынын қуаттады.

 

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амирабдуллахиан Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің келіссөздер тобының басшысымен кездесуінде Иранның Йемендегі бейбітшілікті қолдайтынын жариялап, Йемен мен Сауд Арабиясы арасындағы келіссөздердің ілгерілеуіне ризалығын білдіріп: "Иран әрқашан Йемен халқының ерік-жігерін қолдайды",- деді. Бұл кездесуде Иран Сыртқы істер министрі Йеменнің «Ансаролла» қозғалысының Палестинаның езілген халқына қолдау көрсетудегі күшті және беделді ұстанымын бағалап, алғыс айтты.

Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің келіссөздер тобының басшысы да осы кездесуде ИИР-ның қарсыласу майданына үздіксіз саяси қолдау көрсетуін жоғары бағалап, Иран Сыртқы істер министрін Йемендегі соңғы бейбітшілік оқиғалары туралы хабардар етті.