Сардар Радан: Раск ауданында лаңкестік шабуыл жасаған 4 адам ұсталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i75176
Иран Тәртіп күштерінің бас қолбасшысы: "Систан мен Белучистандағы Раск ауданында бір полиция бөлімшесіне лаңкестік шабуыл жасалған түні оқиға орнында болған 4 күдікті адам ұсталды",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 15, 2024 22:21 Asia/Almaty
  • Сардар Радан: Раск ауданында лаңкестік шабуыл жасаған 4 адам ұсталды

Иран Тәртіп күштерінің бас қолбасшысы: "Систан мен Белучистандағы Раск ауданында бір полиция бөлімшесіне лаңкестік шабуыл жасалған түні оқиға орнында болған 4 күдікті адам ұсталды",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сардар Ахмадреза Радан жексенбі күні тәртіп күштерінің лаңкестікке қарсы ауқымды операция жүргізгенін айтып, Раскта лаңкестік шабуыл жасаған 4 адамның ұсталғанын хабарлады.

Сардар Радан: "Тұтқиылдан шабуыл жасап, 4 адамды тірі ұстап алдық. Бұл қарсыластар тобына психологиялық соққы болды. Олар біздің бақылауымыздан шықтық деп ойлады. Сондай-ақ қылмыскерлерден террор жасауға арналған қару-жарақтар мен шетелдік валюта анықталып, тәркіленді",-деді.