Иран Президенті Нигер Премьер-министрімен кездесті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i75392
ИИР Президенті Нигер Премьер-министрімен кездесуінде Теһранның Ниамеймен ынтымақтастықты арттыруға дайын екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 25, 2024 17:39 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Нигер Премьер-министрімен кездесті

ИИР Президенті Нигер Премьер-министрімен кездесуінде Теһранның Ниамеймен ынтымақтастықты арттыруға дайын екенін мәлімдеді.

Раиси Иран мен Нигер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуда еш кедергі жоқ екенін айтып: «Иран бұл елмен әртүрлі салаларда, әсіресе энергетика, өнеркәсіп және тау-кен өнеркәсібі және Нигерге техникалық инженерлік қызметтер экспорттауда ынтымақтастық жасауға дайын",- деді.

Нигер Премьер-министрі Әли Ламин Заин де Иранның аймақ пен әлемдегі рөлінің маңыздылығына тоқталды. Ол Нигердің әртүрлі салалардағы Иран Ислам Республикасымен қарым-қатынастарын дамытып, тереңдетуге мүдделі екенін баса айтты.