Канани: Ғылыми жетістіктерге жету – ИИР-дың заңды құқығы
(last modified Sun, 28 Jan 2024 11:01:43 GMT )
Қаң 28, 2024 17:01 Asia/Almaty
  • Канани: Ғылыми жетістіктерге жету – ИИР-дың заңды құқығы

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Ғылымның түрлі салалары, соның ішінде әуе-ғарыш саласында жетістіктерге жету – ИИР-дың заңды құқығы",-деді.

Еуропаның үш елі – Ұлыбритания, Франция мен Германия ішкі іске араласу сипатындағы мәлімдеме жасап, Иранның өткен аптада "Қаем-100" жерсеріктасығышымен  "Сорайя" жерсерігін 750 км орбитаға шығарғанына реакция білдіріп: "Бұл жерсеріктасығыш ұзақ қашықтыққа арналған баллистикалық зымырандар жүйесін дамытуға қажетті технологияны пайдаланады",-деді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани кеше: "Иранның дамуына өз тұрғысынан қарайтын елдердің мұндай сөздері Иран халқының ғылым мен технология саласында үздіксіз дамуына деген ерік-жігерін мұқалтпайды",-деді.   

Канани: "ИИР халықаралық заңдар мен ережелерге сәйкес өзінің даму құқығын орындау үшін ғылыми-техникалық даму жолында бейбіт технологияларды пайдаланады. Осы жолда біржақты шешімдерін басқаларға таңатын кейбір елдердің пікірлерін күтіп отырмайды",-деді.